Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

2020 жылдың 22 қазан 2020 02:40

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Рафхат Бисенов агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметіне тағайындалды.

Р. Бисенов 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы», 2014 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2005-2007 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші, бас маман болды. 2007-2012 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, консультант-инспекторы, бөлім, басқарма басшысы болған. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Жоғары қарай