Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 12:21

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына байланысты жағдай күрделеніп барады. Осыған байланысты облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылғы 14 қаңтарда жарияланған қаулы негізінде бірқатар мекемелер жұмысына тыйым салынса, кейбіріне шектеулер енгізілген.

Қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, театрлар, кинотеатрлар, филармониялардың жұмысына, діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, осындай талаптар конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды өткізуге (көзбе-көз режимде кеңестерді (отырыстарды) қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда), түнгі клубтарының жұмысына; қоғамдық тамақтану объектілерінде қызмет көрсетуге, ән айту және би билеу қызметін көрсететін караоке жұмысына (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда), жеке кездесулерді өткізуге (егілген 10 адамға дейінгі жағдайларды қоспағанда) қойылып отыр.

Қаулы 2022 жылдың 17 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ал өңірде облыс және аудан орталықтарындағы мектептер 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту жүйесіне көшірілсе, ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту жүйесі сақталады. Жоғары оқу орнында оқитын барлық курс студенттері 6 ақпанға дейін қашықтан оқытылады.

Айта кетсек, өткен тәулікте облыста 320 адам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Қызылорда облысы «қызыл» аймақта тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді.



Жоғары қарай