Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 19:32

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ. Сәрсенбаев 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған.

1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2017 жылдары - Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі болды. Ал 2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Жоғары қарай