Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 11:16

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Юлия Тремасова келді.

Ю. Тремосова 1975 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қызылорда электр жарығы» ЖШС-де бастаған. 1996-2005 жылдары Қызылорда облыстық экономика басқармасының маманы, І дәрежелі маманы, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы болды. 2005-2018 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы, 2018 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұдан бұрын Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды.


Жоғары қарай