Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылорда мен Маңғыстауда 42 градус аптап ыстық сақталады

2020 жылдың 14 шілде 2020 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 шілде Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Облыста және Ақтау қаласында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Күндіз кей жерлерде 38-42 градус аптап ыстық сақталады.

15 шілде Қызылорда облысының кей жерлерінде және облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23 м/с болады.

Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

15 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.


Жоғары қарай