Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 12:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында өткен тәулікте 437 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастар Атырау қаласында, Теңіз кеніші мен жеті ауданда тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен еді. Бүгін де сол жағдай жақсара қойған жоқ.

«Өткен тәулікте – 13 қаңтарда қауіпті вирусқа шалдыққан 437 науқас анықталып отыр. Әсіресе, Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 304 жағдайы расталды. Теңіз кен орнында 25 адам жұқтырды. Ал, Индер ауданында 23, Жылыойда – 18, Исатайда – 17, Махамбетте – 16, Құрманғазыда – 14, Қызылқоғада – 13, Мақат ауданында 7 анықталды. Індет 263 науқаста симптомдық белгімен өтіп жатыр», -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Бүгін үй жағдайында 646 адам, өңірдегі 2 360 орындық инфекциялық стационарларда 453 науқас (жүктеме – 19,2%) емделу үшін оқшауланған. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 218, модульдік ауруханада – 197, аудандардағы стационарларда – 31, фтизиопульманологиялық орталықта 5 пациент ем қабылдап жатыр.


Жоғары қарай