Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызметінен кеткен әкім орынбасары алматылықтарға үндеу жасады

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 12:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетті. Бұл туралы шенеунік Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұл қызметте 1 жылдан аса отырған.

«Әлеуметтік сала мен кәсіпкерлікті дамыту саласында жүргенде өз ісінің мамандарымен, кәсіби шеберлерімен бірге жұмыс істедім. Ең алдымен осы қаланың тұрғындарына ерекше азаматтық жауапкершілігі үшін, белсенділігі үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздердің көмектеріңізбен ипотека алушыларды қолдау бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыру мүмкін болды», - деді ол.

Ол, сондай-ақ, еріктілер, фармацевтикалық компаниялар басшыларына, қала басшылығына алғыс айтты.

«Осы салада жинаған тәжірибем бизнесте өсуіме септігін тигізеді деген үміттемін», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай