Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытаймен шекарада 165 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды

2022 жылдың 6 мамыр 2022 21:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай шекарасында 3 жыл ішінде 165 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекет басшысының кедендік бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топпен бірге Қытаймен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексерулер жүргізді.

«Тексеру барысында кедендік декларациялардағы, көліктік, бухгалтерлік және өзге де құжаттардағы мәліметтерді тексеру барысында әкелінетін тауарлардың кедендік құнына әсер ететін мәліметтердің сәйкессіздігі анықталды. Қытай тарапынан мәліметтер алынды және басқа да тиісті тексеру жұмыстары жасалды. 3 жыл ішінде 165 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. Сондай-ақ Бас прокуратура Комитетке кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және бақылау шаралары бөлігінде талаптар қойды», - делінген комитет хабарламасында.




Жоғары қарай