Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытайлық келіншек «кунг-фу» туралы видео түсіріп интернет жұлдызына айналды

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 13:55

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық Чжан Ханлян төрт минуттық «кунг-фу» фильмін түсіріп, интернетте «Қытай батыры» деген атпен жұлдызға айналды.

2007 жылдан бері Чжан Ханлян Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Тяньшуй педагогикалық университетінде жекпе-жек өнерінен сабақ береді. Ол - Қытайдың ұлттық жекпе-жегінен бірінші дәрежелі спортшы және бірінші деңгейлі төреші.

Қытайдың жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 35 жастағы әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ол 13 жасында «қытайлық кунг-фумен» айналыса бастап, 22 жыл жаттығып, мол тәжірибе жинақтаған.

Бос уақытында ол «кунг-фу» жаттығулары туралы бірнеше бейнеролик түсіріп, қытайлық әлеуметтік желі платформаларына жариялайды.

Чжан Ханлянның айтуынша, оның бұл фильмдерді түсірудегі басты мақсаты - жаңа медиа платформалар арқылы көпшілікке «кунг-фу» мәдениетін насихаттау және Қытайдың дәстүрлі спорт түрлерін түсіндіру.

Жақында ол түсірген 4 минуттық «Кунг-фу» бейнебаяны 6,6 миллионнан астам қаралым жинап, Чжан Ханлянды қытайлық интернетте жұлдызға айналдырды.

Жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жас «кунг-фу шебері» бүкіл әлем халқына қытай мәдениетін таныстырып, адамдарды жақындастырғысы келетінін айтты.


Автор Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Видео, Қытай, Спорт, Интернет,
Жоғары қарай