Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қытайлық дәрігерлер коронавируспен күресте қандай тәжірибелерімен бөліседі

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова Қытайдан келген дәрігерлер коронавирус күресуде қандай тәжірибелерімен бөлісетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Қытайдың Мемлекет басшыларының 9 сәуірдегі келісіміне сәйкес әртүрлі мамандық иелері санатындағы 10 адамнан тұратын қытайлық делегация елімізге келді. Олардың ішінде интенсивті терапия, инфекциялық бақылау, пульмонология, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар бар. Сонымен қатар делегация құрамында жаңа коронавирус инфекциясымен күресте тәжірибесі бар медбике де келді. Қытайлық делегацияның бағдарламасы өте мазмұнды. 15 күнге созылады. Олар көпбейінді ауруханалар мен клиникаларды аралап, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлермен онлайн-тренинг өткізеді. Қытайлық делегациямен тәжірибе алмасу үшін аудандық деңгейге дейінгі медициналық қызметкерлерімізді тартып отырмыз», - деді Ботагөз Жақселекова онлайн режимде ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша қытайлық дәрігерлер медициналық ЖОО-ларда кездесу мен баспасөз мәслихаттарын да өткізеді.

«Қытайлық сарапшылар КВИ-мен күресте өз тәжірибесімен бөліседі. Коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және оны бақылаудың өз моделі туралы айтып береді. Мамандар вирусты анықтау алгоритмі, байланыста болған адамдарды оқшаулау, Қытайдағы эпидемиологиялық зерттеу әдістерін пайдалану, емдеу хаттамалары мен диагностика, медициналық қызметкердің вирус жұқтыруын болдырмау амалдары жайлы айтады», - деді ол.

Жоғары қарай