Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қытайдың сыртқы істер министрлігі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 16:01

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – «Алматы маңында болған ұшақ апатында қаза болғандар мен зардап шекендердің отбасыына қайғырып көңіл айтамыз». Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз конференциясында Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Жоғары қарай