Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдың солтүстігінде су тасқыны салдарынан 120 мың адам эвакуацияланды

2021 жылдың 10 қазан 2021 18:09

ТАЙЮАН. Синьхуа – ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында ұзаққа созылған нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Провинцияның төтенше жағдайлар басқармасының деректеріне қарағанда, су тасқынынан 76 округтен, қалалар мен аудандардан 1,76 миллион адам зардап шеккен. Ведомствоның мәліметінше, 190 мың гектарға жуық егістікке зақым келген, 17 мыңнан астам ғимарат құлаған.

Әр түрлі деңгейдегі төтенше жағдайлар органдары зардап шеккен тұрғындарды орналастыру үшін 4000 шатыр, 3200 жиналмалы төсек, жастық киім мен көрпе және басқа да қажетті заттарды бөлді.


Басты сөздер: Су тасқыны, Қытай,
Жоғары қарай