Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытайдың «Шуан Цюсянь-1» ракетасының ұшырылымы сәтсіз аяқталды

2022 жылдың 15 мамыр 2022 03:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған «Шуан Цюсянь-1» (Hyperbola-1) коммерциялық зымыран-тасығышының ғарышқа аттануы сәтсіз аяқталды: ұшырылымнан кейін 4 сағаттан соң Синьхуа агенттігі ракетаның жұмысында ақау шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл «Шуан Цюсянь-1» зымыранының төртінші рет ғарышқа жіберілуі еді. Оның үшеуі сәтсіз аяқталды. 2019 жылдың шілде айында болған алғашқы ұшырылым ғана мақсатына жетті. Ол кезде зымыран-тасығыш орбитаға екі ғылыми-зерттеу спутнигін жеткізді.

Синьхуа мәліметінше, қазіргі уақытта сәтсіз ұшырылымның себебі анықталып жатыр.

«Шуан Цюсянь-1» - қатты отынмен ұшатын төрт сатылымы зымыран-тасығыш. Оны қытайлық стартап Beijing Interstellar Glory Space Technology Ltd. (iSpace) құрастырды. Ракетаның жүк тасымалдау қабілеті Қытайда жеке компаниялар құрастырған зымыран-тасығыштар арасында ең жоғары. Ол жақын орналасқан жермаңы орбитасына 260 келіге дейін пайдалы жүк жеткізе алады.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қытай, Ғылым, Ғарыш, Әлем,
Жоғары қарай