Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдың орталығындағы қаланы су басты

2021 жылдың 21 шілде 2021 08:08

ЧЖЭНЧЖОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат –Қытайдың Чжэнчжоу қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр қуатының жұмысын бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Су деңгейі қатты көтерілгендіктен, қаладағы жол қозғалысы тежелді. 80-нен астам автобус маршруттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, 100-ден астам маршрут қайта бағытталды, метроның жұмысы да тоқтатылды.

Чжэнчжоудағы әуежай 260 келетін және ұшатын рейстерді тоқтатса, жергілікті теміржол қызметтері де кейбір пойыздардың қозғалысын тоқтатты немесе кешіктірді.

Нөсер салдарынан қаланың бірнеше тұрғын ауданы сусыз және электр жарығынсыз қалды.














Басты сөздер: Әлем, Қытай,
Жоғары қарай