Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайдың басым бөлігін су басты

2020 жылдың 29 маусым 2020 02:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында жаңбыр мен су тасқыны жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғат апатына байланысты шығыста апта басынан 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Оңтүстік батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Толассыз жауыннан лай көшкіні жиілеп, бірқатар тас жолды су шайып кеткен.

Ал елдің орталығындағы Ичан қаласында үш сағат бойы жауған жаңбырдан шаһарды лезде су басқан.

Табиғат апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Аймақта іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертіп отыр.

Басты сөздер: Су тасқыны, Қытай, Әлем,
Жоғары қарай