Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қытайдан тараған коронавирус АҚШ-қа жетті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 14:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттары өз аумағында коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ке сілтеме жасап.

Ауруларды бақылау орталығы Қытайда пайда болған жаңа вирус Сиэтл тұрғынынан анықталғанын хабарлады.

Орталық өкілдерінің айтуынша, вирус жұқтырған 30 жастағы азамат Қытайдың Уханнан қаласынан 15 қаңтар күні келген.

«Пациент денсаулығы болмай, Вашингтон штатындағы ауруханалардың біріне жүгінген. Қазір сол жерде ем алып жатыр. Емделушінің барып келген сапары мен симптомдарына қарап, оған коронавирус диагнозы қойылды», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, Қытай ресми түрде дүйсенбі күні вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны хабарланды. Сондай-ақ, Қытайда тараған пневмония Тайландта да тіркелді.



Жоғары қарай