Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 10:44

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған 6 балдық жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты, 60-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

ҚХР сейсмология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те Сычуань (оңтүстік-батыс Қытай) провинциясындағы Лучжоу қалалық округінің Лусянь уезі аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Лусянь уезінде үш адам қаза тапты, тағы 60 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. 35 үй құлады, 190-ға жуық тұрғын үй қатты зақымдалды.

Апат аймағынан 7 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Сычуань провинциясының Лусянь уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.




Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай аймағында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Оқиға орнында апатты-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: Оқиға, Жер сілкінісі, Қытай,
Жоғары қарай