Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайдағы су тасқыны: Өзендер деңгейі қауіпті межеден асып түсті

2020 жылдың 12 шілде 2020 19:42

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайда тоқтауы болмай отырған су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға әрекет ету деңгейі үшіншіден екінші деңгейге көтерілді. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі бұл туралы ҚХР Су ресурстары министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Мәлім етілгендей, бұл шараның енгізілу себебі – маусым айы басталғалы Қытайдың Орталық, Шығыс және Оңтүстігіндегі көптеген аудандарда нөсер жауын толастамай отыр. Зардап шеккен өңірлерде өзендер деңгейі қауіпті межеден асып түскен. Ал 19 су артериясында тарихи максимумдар тіркелді.

«Ал Цзянси (Шығыс Қытай) провинциясының билігі төтенше жағдайға әрекет ету деңгейін екіншіден біріншіге (ең жоғары) көтерді. Мұнда 5 миллионға жуық адам су тасқыны аумағында қалып отыр. Табиғаттың тосын мінезінен 500 мың гектарға жуық егістік алқабына зақым келді. Жергілікті билікке бөгеттерге, су қоймалары мен гидроэлектрстанцияларына бақылауды күшейту жүктелді», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, Қытайда төтенше оқиғаларға әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі қарастырылған.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қытай, Әлем, Су тасқыны,
Жоғары қарай