Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытайдағы қазақтар «Тұлпар» мерекесінде 10 мың жылқының шабысын тамашалады

2017 жылдың 18 шілде 2017 19:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тяньшаньнет» ақпараттық порталына сілтеме жасап.




null

Халқымыз қадірлеп, қастерлеген жылқы түлігіне арналған дүбірлі тойдың салтанатты ашылуында «тұлпар мен әлем», «жүйтку», «тұлпар жыры» сияқты үш бөлімді қойылым көрсетілді. Ал аталмыш шараның соңғы сәтінде «10 мың тұлпардың шабысы» атты жанды көрсетілім ұйымдастырылып, сахна алдынан мыңдаған сайгүлік жер төсін дүбірлетіп шауып өтті. Осы қойылымдарды көрсетуге арнайы жобаланған ерекше сахнаның жалпы аумағы 2000 шаршы метр болса, сахна төріне қолмен бейнеленіп салынған 3D үлгісіндегі алып тұлпар бейнесі көрермендерді ерекше әсерге бөледі.




null

Бұдан басқа мәдени шара аясында Араб жылқысы, таза қанды ағылшын жылқысы, Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы сияқты әлемге танымалы жылқы тұқымының 20 түрі көпшілікке көрсетілді. Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ойындары қызқуар, көкпар, теңге ілу, бәйге секілді жарыстар өтті.




Айта кетсек, тарихтан бері текті тұлпарымен атағы шыққан Моңғолкүренің жылқы мәдениетінің тарихы ұзақ, тамыры тереңде. Іле жылқысын өсіру орталығы саналатын бұл ауданда 100 мың жылқы бар, мұның 90 пайызы Іле жылқысы, бұл Шынжаңдағы Іле жылқысының 60 пайызын құрайды. Сондықтан Моңғолкүре бүкіл Қытай елі бойынша жылқы саны ең көп, жылқы сапасы ең жақсы аудан есептеледі. Қытай ауыл шаруашылық министрлігі 2003 жылы Моңғолкүре ауданына «Қытайдың тұлпар мекені» деген атақ берген. Аудан 2009 жылдан бастап дәстүрлі «Іле тұлпары халықаралық туризм мерекесін» ұйымдастырып келеді.




6




2




3




4




5

Автор Бақытжол Кәкеш
Басты сөздер: Мәдениет, Қытай,
Жоғары қарай