Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда жер сілкініп, мектеп оқушылары эвакуацияланды

2020 жылдың 22 қазан 2020 15:07

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулер жергілікті уақытпен сағат 11:03-те Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласының Бэйчуань уезінде тіркелген. Оның тереңдігі – 20 шақырым.

Кеше Сычуань провинциясында күштілігі 4,6 балдық жер сілкінісі болған. Қытай Орталық телеарнасының мәліметінше, бүгінгі жерасты дүмпулерден кейін жергілікті мектеп қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз жерге шығаруға дереу кіріскен.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.


Басты сөздер: Әлем, Қытай, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай