Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда стюардесса ұшақтан құлап, бел омыртқасын сындырып алды

2017 жылдың 13 қараша 2017 22:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Xiamen Air әуекомпаниясының стюардессасы халықаралық Чжэнчжоу (Хэнань провинциясы) әуежайында ұшақтан құлап кетті.

Ол бортқа жолаушыларға арналған тағамдарды қабылдап жатқан кезде лайнердің есігі мен фюзеляждың арасында пайда болған саңылауға құлап кеткен.

Әйел біршама уақыт қолдарымен есік жақтауынан ұстап тұруға әрекеттенген, бірақ ұзаққа шыдай алмаған.

3 метр биіктіктен құлаған стюардесса бел омыртқасын сындырып алды.

Оған ауруханада шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай