Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда нөсер жаңбыр салдарынан 12 адам қайтыс болды

2021 жылдың 21 шілде 2021 13:23

ЧЖЕНЧЖОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайда Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласының орталық аудандарында нөсер жаңбырдың салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік 100 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерлерге эвакуациялады.

18 шілде сағат 18:00-ден 21 шілде сағат 00:00-ге дейін Чжэнчжоу қаласында жиналған жауын-шашынның орташа мөлшері 449 мм-ге жетті.

Чжэнчжоудун теміржол станциясында 160-тан астам пойыз тоқтатылды, салдарынан көптеген жолаушылар қиын жағдайға тап болды.

Осыған дейін хабарланғандай, Қытайдың Чжэнчжоу қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр қуатының жұмысы бұзылған.

Синоптиктердің болжамынша, Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр 21 шілдеге дейін созылады.


Басты сөздер: Қытай, Су тасқыны,
Жоғары қарай