Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады

2020 жылдың 29 наурыз 2020 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 наурыздағы жағдай бойынша, ауру жұқтырғаны расталғандар саны 3000-ға азайған. Қытай территориясында эпидемияның таралуы толық тоқтады», - деді Мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн брифингте.

Еске салсақ, бүгінгі мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті.
Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Коронавирус, Қытай,
Жоғары қарай