Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты туристер саны азайды

2022 жылдың 5 мамыр 2022 16:19

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Короновирустың өршуіне және оған қатысты шектеулерге байланысты бірінші мамыр мерекесіне орай ішкі туристер ағыны 2021 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 30%-ға қысқарды. Бұл туралы ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Мамырдың бес күндік демалыс күндері (30 сәуірден 4 мамырға дейін) Қытайға 160 миллион ішкі туристік сапарлар жасалған Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% -ға төмен. Мамыр мерекесі кезінде ішкі туризмнен түскен табыс 43% -ға түсіп, 64,68 млрд юань (шамамен $9,8 млрд) құрады.

Қытайда коронавирустың өршуі туристік орындардың қол жетімділігі мен келушілерге әсер етті. Бірінші мамыр мерекелерінде елде «А» санатындағы туристік нысандардың 61%-ы ашылды. Сычуань және Чжэцзян провинцияларының бірқатар көркем жерлерінде туристік ағын айтарлықтай төмендеді. Хайнань аралындағы Санья қаласындағы қонақ үйлердің орташа толымдылығы 60%-ға төмендеді.
Ведомствоның хабарлауынша, коронавирус пандемиясы ауыл туризмін көбірек таңдайтын қытайлық туристердің қалауын өзгертті. Соңғы уақыттаа қала маңындағы қонақ үйлерде тұру бағасының өсуі байқалған.
«Бұлтты туризм», «бұлтты көрме» және «бұлтты шоу» сияқты танымал туристік инновациялық өнімдер қолданылады. Осы мақсатта бірқатар Қытай провинциясының билігі танымал туристік орындардан онлайн-трансляциялар ұйымдастыру үшін блогерлерді, гидтерді, фотожурналистерді тартады.


Басты сөздер: Әлем, Туризм, Коронавирус, Қытай,
Жоғары қарай