Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 11:43

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан бері Covid-19-дың күрт артуы тіркелген Қытайдың Хэбэй провинциясында изолятордың құрылысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Осы аптада басталған құрылыс Шицзячжуан қаласының маңында жүргізілуде. Бұл қалада коронавирустың таралуы күрт өскендіктен локдаун енгізілді. Оқшаулау ауруханасы 33 гектар аумақты алмақ.

Жоба мердігерінің айтуынша, 3 мыңға жуық палата дайындау тапсырылған. Әр палатаның ауданы – 18 шаршы метр.

Еске салсақ, «Хошэньшань» мамандандырылған алғашқы ауруханасы Қытайда коронавирустың таралу ошағына айналған Уханьда (Хубэй провинциясы) 10 күнде салынған болатын. Жалпы аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын аурухана бір мезетте 1 мыңға жуық науқасты қабылдай алды.

Шицзячжуандағы аурулардың алдын алу және бақылау штабының (Хэбэй провинциясы) нұсқамасына сәйкес, Шицзячжуан мен оның төңірегінде тұратын жергілікті тұрғындарға 19 қаңтарға дейін үйден шықпау мәндеттелді.

Қытайда өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясының 115 расталған жергілікті жағдайы тіркелді, олардың 90-ы Хэбэй провинциясында, 23-і Хэйлунцзян провинциясында, 2-еуі Бейжіңде.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Қытай, Қоғам,
Жоғары қарай