Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайда «Хагупит» тайфуны салдарынан жүздеген мың адам қауіпсіз жерге шығарылды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 14:58

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сейсенбіге қараған түні Қытайдың шығыс бөлігінің Чжэцзян провинциясында Hagupit (Хагупит) тайфуны басталды. Бұл – биыл Қытайда болған төртінші тайфун, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Ұлттық метеорология орталығы тайфун ел жағалауында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 3:30-да басталғандығын мәлім етті. Оның жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен.

Тайфунмен бірге, Чжэцзян және Фуцзянь провинцияларында нөсер жауын жауып, қатты жел соға бастады.

Метеорологтар тайфунның Қытайдың солтүстігіне қозғалып, қарқыны сол жерде басыла түсетінін ескертеді. Дауыл ел аумағында сейсенбінің кешінде басылып, одан кейін Корея түбегінің батыс жағына қарай ығысады.

Дүйсенбі күні сағат кешкі 10-ға қарай Чжэцзян провинциясында 381 375 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Фуцзянь провинциясында тайфун салдарынан теміржол тасымалы мен құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

PHOTO: EPA-EFE


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай