Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда газ жарылысынан 12 адам қаза тауып, 138 адам зардап шекті

2021 жылдың 14 маусым 2021 08:47

БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат – Хубэй (Орталық Қытай) провинциясының Шиянь қаласындағы базарлардың бірінде тұрмыстық газ жарылысынан 12 адам қаза тауып, 138 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Тұрмыстық газ жарылысы жексенбіде Шиянь қалалық округінің (Хубэй провинциясы) Чжанвань ауданында болды. Соның салдарынан өткен ғасырдың 90-жылдарының басында салынған базардың екі қабатты ғимараты толығымен қирады. Оның бірінші қабатында 19 сауда павильоны болған. Бұдан бөлек, жолдың арғы бетінде 46 сауда нүктесі орналасқан.

Іздестіру-құтқару операциясына түрлі шұғыл қызметтердің 2 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Үйінді астынан 138 адам құтқарылды, барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. 37 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин тиісті ведомстволар мен жергілікті билік органдарына газ жарылысынан зардап шеккен адамдарды құтқару және оқиғаның себептерін уақтылы тергеуге бар күш-жігерін салуды тапсырды.


Басты сөздер: Әлем, Қытай,
Жоғары қарай