Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда екі кеме соқтығысты

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 10:29

ШАНХАЙ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының су айдынында екі кеменің соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болды, тағы екі адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Чжунго синьвэньван» ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні кешке Чжоушань аралдарының шығысында болған. Апат белгісі Панамада тіркелген жүк кемесі мен қытайлық балық аулайтын шхунаның соқтығысуынан кейін алынған. Оқиға орнына келген құтқарушылар судан төрт адамды тауып алып шықты, тағы біреуі көз жұмған, екеуі әзірге хабар-ошарсыз.

Іздеу-құтқару жұмыстарына жақын маңдағы жағалау күзетінің кемелері, балық аулайтын және өзге де азаматтық кемелер тартылуда. ТЖ орын алған аумақта кеме қатынасы уақытша шектелген.


Басты сөздер: Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай