Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда COVID-19 вакцинасының 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді

2021 жылдың 20 маусым 2021 17:13

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті ведомствоның мәліметінше, жексенбіде 31 провинция (автономды аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) және Шынжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы вакциналардың 1 010 489 000 дозасы енгізілген.

Өткен тәулікте Қытайда Covid-19 жұқтырудың 23 жаңа расталған жағдайы тіркелді (барлық жағдайлар – сырттан әкелінген), өлім-жітім жоқ.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустан пациенттердің 94,38%-ы емделді. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 91 587 адамға жетті. Өлім деңгейі 5,06%-ды құрайды (4636 адам коронавирустан қайтыс болды).


Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Қытай, Вакцина,
Жоғары қарай