Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда COVID-19-ға қарсы 900 млн доза вакцина егілді

2021 жылдың 17 маусым 2021 11:20

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирус инфекциясына қарсы 900 млн доза вакцина егілді. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бейінді ведомствоның дерегіне сай, сәрсенбідегі жағдай бойынша елдің 31 провинциясы (автономиялық аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы барлығы 923 910 000 доза вакцина егілген.

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың жаңа 19 оқиғасы (олардың төртеуі -жергілікті) тіркелген, өлім саны жоқ. Коронавирус жұқтырудың жергілікті оқиғаларының төртеуі де Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында анықталған.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған науқастардың 94,39%-ы емделіп шыққан. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны 91 511 адамға жетті. Өлім көрсеткіші – 5,06% (коронавирустан 4 636 адам қайтыс болды).

Еске сала кетейік, Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінде осы жылдың соңына дейін халықтың кем дегенде 70%-ы COVID-19-ға қарсы вакцина алады деп күтіледі.


Басты сөздер: Қытай, Вакцина,
Жоғары қарай