Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытайда автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды

2020 жылдың 8 шілде 2020 11:29

БЕЙЖІҢ. Xinhua – ҚазАқпарат – Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысындағы Аньшунь қаласында автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды. Тағы 16-сы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні түстен кейін болған. Автобус қоршауға соғылып, Хуншань көліне құлап кеткен.

Аньшунь қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі муниципалдық басқарманың хабарлауынша, құлаған автобустан 37 адам шығарылған. Автобус жүргізушісін қоса алғанда, олардың 20-сы мерт болған. Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. 16 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.




Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, автобус көлден шығарылды. 1 100-ден астам құтқарушы жоғалған жолаушыларды әлі де іздестіруде.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.


Басты сөздер: Әлем, Қытай,
Жоғары қарай