Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда Airshow China 2021 халықаралық әуе салоны ашылды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 09:30

БЕЙЖІҢ-ЧЖУХАЙ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжухай қаласында сейсенбі күні Airshow China 2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салоны ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бұл шоу өткен жылға жоспарланған болатын, алайда Қытайдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты кейінге шегерілген.

Қытайдағы ірі экспозиция жүздеген қытай компанияларының, оның ішінде шетелдік қорғаныс және авиация кәсіпорындарының қатысуымен жылына екі рет Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай теңіз бойындағы қалада өтеді. Биыл әуе салоны 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтпек.

Көрменің басты тақырыбы – әскери және азаматтық әуе техникасы, ғарыш техникасы және жабдықтары, әуе шабуылына қарсы қорғану жүйелері, радиолокациялық техника және т.б.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Airshow China 2021 Қытайдың ғарыш техникасы саласындағы жаңа жетістіктерін көрсететін тағы бір платформаға айналмақ. ҚХР ғарыш бағдарламасының негізгі орындаушылары көрмеде Күнді зондтайтын бірінші қытай серігін, сонымен қатар жаңа басқарылатын тасымалдаушы зымырандардың модельдерін көрсетеді деп күтіледі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай аэроғарыштық ғылым және техника корпорациясы (CASC) әуе шоуында ғарыш станциясы кешенінің 3D-моделін және «Чанъэ-5» ай зондын ұсынады.

Сонымен қатар көрмеде бірінші қытайлық күн зонды көрсетіліп, Қытайда жасалған ай зондтарының сапарларын модельдеуге арналған цифрлық платформаның дебюті өтеді.

Әуе шоуында Қытай ғарыштық ғылым және техника корпорациясы Қытайдың ғарыштық кеңістікті игерудегі соңғы жетістіктері туралы айтылады. Олардың қатарына «Тяньвэнь-1» марстық зонды, «Чанъэ-5» ай зонды және «Бэйдоу-3» жаһандық навигациялық серіктік жүйесін жетілдіру кіреді.

Airshow China халықаралық авиациялық-ғарыш салоны Қытайда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.


Басты сөздер: Әлем, Қытай,
Жоғары қарай