Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайда 137 адамнан симптомсыз коронавирус анықталды

2020 жылдың 25 қазан 2020 22:08

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шыңжан-Ұйғыр автономиясындағы Қашқар округінен коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған 137 адам анықталды, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл барлық жағдай өткен сенбіде COVID-19 тест тапсырып, қорытындысы оң тәтиже көрсеткен 17 жастағы қыз отбысымен байланысты.

Қашқар округіндегі тұрғындар жаппай тест тапсырып жатыр. Сондай-ақ, 300 мыңнан астам адамға коронавирустың жаңа түрінің нуклеин қышқылын анықтау үшін талдау жасалды.

Қытайдың денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитеті коронавирус ошағын жою үшін Қашқарға арнайы жұмыс тобын жіберді.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Қытай,
Жоғары қарай