Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытай орбита станциясына Тяньчжоу-4 жүк кемесін ұшырды

2022 жылдың 10 мамыр 2022 11:49

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қытай өзінің орбиталық станциясымен түйісетін «Тяньчжоу-4» жүк кемесін ұшырды. Бұл туралы Қытайдың басқарылатын космонавтика бағдарламасының кеңсесі (CSMA) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, «Тяньчжоу-4» ғарыш кемесі сейсенбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан «Чжанчжэн-7» зымыран тасығышымен орбитаға шығарылды.




«Тяньчжоу-4» ҚХР орбиталық станциясына алты айлық ғарышкерлерге арналған қорды, станцияға қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектерді және ғарыштық зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтарды жеткізеді.

Орбиталық кешен «Тяньхэ» ғарыш станциясының негізгі модулінен және «Тяньчжоу-3» жүк кемесінен тұрады.

Маусым айында басқарылатын «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі ұшырылады. Ол үш тайконавты (ҚХР-да ғарышкерлерді осылай атайды) орбиталық станцияға жеткізеді, олар Қытай ғарыш станциясын іске қосу жұмыстарын жалғастырады және алты ай орбитада болады.








Басты сөздер: Қытай, Әлем, Ғарыш,
Жоғары қарай