Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытай өмір сүруге жарамды планета іздеу жобасын іске қосуды жоспарлап отыр

2022 жылдың 20 мамыр 2022 20:43

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың астрономдар тобы CHESS (Closeby Habitable Exoplanet Survey) жобасы аясында ғарышта өмір сүруге болатын планеталар іздеу үшін оптикалық телескоп ұшыруға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, айна диаметрі 1,2 метр болатын оптикалық телескоп Ланграждың екінші нүктесіне (L2) жақын гало-орбитаға шығарылады және бес жыл ішінде күн тәрізді 100 жұлдызды зерттейді. Есептеулер бойынша, күн тәрізді жұлдыздардың айналасында өмір сүретін аймақта орналасқан ғарыш объектілері айналады.

Нәтижесінде Қытай зерттеушілері Жер сияқты және өмір сүруге жарамды 50-ге жуық планета ашуы мүмкін. Алайда, олардың көпшілігі жерден жүздеген жыл қашықта орналасқан.

Қытай Ғылым академиясының профессоры Цжи Цзяньхуаның айтуынша, бүгінгі таңда расталған экзопланеталардың саны 5 мыңнан асты, олардың 50-ге жуығы Жерге ұқсас.

«Өмір сүруге жарамды әлемдердің ашылуы адамзат үшін үлкен жетістік болады және болашақта біздің өмір сүру кеңістігімізді кеңейтеді», - деп келтіреді «Синьхуа» агенттігі ғалымның сөзін.


Басты сөздер: Әлем, Қытай, Ғарыш,
Жоғары қарай