Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытай футболдан Азия кубогын өткізуден бас тартты

2022 жылдың 15 мамыр 2022 12:54

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2023 жылғы футболдан Азия кубогын өткізу құқығына ие болған Қытай елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирді өткізуден бас тартты. Бұл туралы ҚазАқпарат Азия футбол конфедерациясына (AFC) сілтеме жасап хабарлайды.

AFC мәлімдемесінде Қытай футбол қауымдастығының 2023 жылғы Азия кубогын қабылдай алмайтыны туралы ресми хабарлама алғаны атап өтілді. «AFC Қытайдың

турнирді өткізуден бас тартуына әкелген елдегі COVID-19 пандемиясынан туындаған ерекше жағдайларды ескереді», - делінген Азия футбол конфедерациясының мәлімдемесінде.
2023 жылғы Азия кубогы 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында Қытайдың 10 қаласында өтуі тиіс еді. Жарысқа 24 команда қатысады.
2023 жылғы Азия кубогына қатысты келесі қадамдар туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады», - делінген AFC баспасөз хабарламасында.
Бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың қыркүйегінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ Азия ойындары кейінге қалдырылды. 2021 жылы Чэнду қаласында (Сычуань провинциясы) өтуі тиіс Дүниежүзілік жазғы Универсиада енді 2023 жылға шегерілді.
Басты сөздер: Футбол, Әлем, Қытай,
Жоғары қарай