Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты теріс ақпаратына түзету енгізді

2020 жылдың 15 шілде 2020 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты теріс ақпаратына түзету енгізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мырзамен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгерістер енгізді», - деді Ержан Ашықбаев.


Жоғары қарай