Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытай билігі кейбір үндістандық студенттердің оқуға оралуына рұқсат береді

2022 жылдың 30 сәуір 2022 19:47

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай билігі кейбір үндістандық студенттердің елдегі университеттерге оралуына рұқсат беруге дайын. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ол Қытай тарапының үндістандық студенттерді елдегі университеттерге қайтару мәселесіне зор мән беретінін айтып, Үндістан тарапымен басқа елдерден студенттерді қайтару процедуралары және тәжірибесімен бөлісті.

«Қытай көптеген үндістандық студенттерге ақпарат жинау үшін Үндістан тараптан біраз уақыт қажет екенін ескереді. Жалпы, Қытай тарапы Үндістаннан келген студенттердің бір бөлігін Қытайға оралған соң қабылдауға дайын», - деді ол.

«Үндістандық студенттерді Қытайға қайтару бойынша жұмыс іс жүзінде басталып кетті, біз үнді тарапының Қытайға қайтуы керек студенттердің тізімін беруін күтудеміз», - деп қосты дипломат.

Ол қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайда шетелдік студенттерді Қытайға қайтару процесін халықаралық эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және студенттердің кәсіби даярлығының ерекшеліктеріне сәйкес үйлестіру мен ілгерілету керектігін айтты.

Бұл принцип барлық шетелдік студенттерге қолданылады. Қытай Сыртқы істер министрлігі үнділік студенттердің Қытай университеттеріне оқуға оралуы үшін ел шекараларын ашу уақыты туралы толық ақпарат берген жоқ.

«Менде нақты ақпарат жоқ», - деді Чжао Лицзян.

ҚХР Білім министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы құрлықтық Қытайдағы 1004 университетте 196 ел мен аймақтан 492,1 мыңнан астам шетелдік студент білім алды.

2018 жылы Қытайда білім алушы студенттердің саны жағынан алда жүрген 10 ел: Оңтүстік Корея (50,6 мың студент), Таиланд (28,6 мың), Пәкістан (28 мың), Үндістан (23,1 мың), АҚШ (20,9 мың), Ресей (19,2 мың), Индонезия (15 мың), Лаос (14,6 мың), Жапония (14,2 мың), Қазақстан (11,7 мың).

Бұған дейін Қытайда жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.


Басты сөздер: Білім, Қытай, Әлем,
Жоғары қарай