Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қытай әуежайында 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

2022 жылдың 12 мамыр 2022 08:56

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Қытайдың Чунцин халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Бұл туралы әуежай хабарламасында айтылған.

113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды, зардап шеккендер бар. Хабарламаға сәйкес, 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Tibet Airlines компаниясының 122 жолаушысы мен экипажы бар ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен.

Оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласындағы «Цзянбэй» халықаралық әуежайында болды.
Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды.
Оқиғаның себебі анықталуда.


Басты сөздер: Қытай, Әлем, Видео,
Жоғары қарай