Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қысқы Олимпиаданың ашылуында Қазақстанның көкбайрағын кім алып шығады

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 22:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық конькиші Екатерина Айдова Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің туын көтеру құрметіне ие болды. Көкбайрақты сонымен қатар шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев те көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшыларға Қазақстан туын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті. Олимпиадаға аттанатын спортшылар ант берді.

«Қысқы Олимпиаданың ашылуында еліміздің туын желбіреткен алғашқы қазақстандық спортшы болғаныма мақтанамын. Көптеген адамдар үшін бұл Олимпиада ойындары олардың мансап жолдарында бірінші рет болады, ал кейбіреуінде басты жарыстарда өнер көрсету тәжірибесі бар. Бірақ мақтаныш пен үлкен жауапкершілік сезімі әрқашан бірдей болып қалады деп айта аламын. Бейжіңде біз туған елдің үмітін ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз», – деді Екатерина Айдова.

Екатерина Айдова – төрт құрлықтың чемпионы. 30 жастағы спортшының мансабында бұл төртінші Олимпиада ойындары. Оның олимпиадалық дебюті 2010 жылы Ванкуверде өтті. 2014 жылы Сочиде, 2018 жылы Пчёнханда өткен олимпиадаға қатысты.




XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға Екатерина Айдова 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жүгіру спортында үш лицензия жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжің Олимпиадасында Қарағанды облысынан тағы бір спортшы – 21 жастағы биатлоншы Владислав Киреев қатысады. Ол қысқы спорт түрлері бойынша облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі, ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 ақпанда Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді.





Жоғары қарай