Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қысқы Олимпиадаға баратын спортшылар қай өңірлерден көп іріктелді

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 15:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиадаға спортшылардың дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олимпиадаға дайындалу үшін Үкімет тарапынан бар жағдай жасалған. Мәдениет және спорт министрлігі ҰОК бірігіп, бірнеше рет үлкен жиналыстар өткізіліп, Олимпиадаға баратын командалардың дайындығын нақты бақылауда ұстап тұр. Атап айтсақ, Қазақстаннан 34 спортшы 8 спорт түрінен 87 лицензия алған болатын. Облыстарға бөлсек, ең көп спортшы Шығыс Қазақстан облысынан (9) және Алматы қаласынан (8), қалғандары басқа өңірлерден 3,4,1 спортшыдан көзделіп отыр. Фристайл, могулдардан барлық спортшылар – Шығыс Қазақстан өкілдері, өздеріңізге белгілі, олар – біздің ең басты үміттеріміз», - деді С. Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады. Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да болады.


Жоғары қарай