Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қыркүйекте Ұлттық қордың активтері 1,9 млрд долларға азайды

2021 жылдың 12 қазан 2021 10:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйекте Ұлттық қордың активтері 1,9 млрд долларға кеміді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың активтері бір айда 1,9 млрд АҚШ долларға төмендеп, қыркүйектің соңында жалпы мөлшері 55 млрд АҚШ доллары болды.

Қыркүйекте 392 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 913 млн АҚШ доллары сатылды.

Қыркүйекте Ұлттық қорға түскен түсімдер – 135 млрд теңге. Оның ішінде шетел валютасында 259 млн доллар немесе 110 млрд теңге болды», - деген Ерболат Досаев, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі де азайғанын атады.

«Қыркүйекте Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс қалыптасып, активтердің барлық сыныптары бойынша түзетуге байланысты 1,2 млрд долларға немесе 2,11% кеміді.

Активтердің барлық сыныптары бойынша бағалардың бір мезгілде төмендеуі қысқа мерзімді сипатқа ие. 11 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі ішінара қалпына келді және айдың басынан бастап 250 млн АҚШ долларын құрады. Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың стратегиялық аллокациясы тәуекелдерді теңгереді», - деді ол Үкімет отырысында.


Жоғары қарай