Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қыркүйекте Қазақстан АӨСШК төрағасы болуы мүмкін – сарапшы

2020 жылдың 4 шілде 2020 17:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) төрағалық етуі мүмкін. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының басшысы Қайрат Әбусейітов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртқы саясатты айқындауы тиіс тағы бір маңызды сәт – көпвекторлық ретіндегі концептуалды негіз. Біз көпвекторлықты Қазақстанның сыртқы саяси негізі деңгейіне көтеріп, өте үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Көптеген бейбіт бастамалар болды, АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі) өзі неге тұрады? 1990 жылдардың басында жиналыс құрамына 16 мемлекет кірсе, бүгінде 28 толық мүше бар. Бұл форум әлі де жұмыс істейді», - деді Қ. Әбусейітов ӘЭСИ ұйымдастырған онлайн-конференцияда.

Сонымен бірге спикер Тәжікстаннан кейінгі АӨСШК төрағалығы Қазақстанға берілуі мүмкін екендігін айтты.

«Менің ойымша, қыркүйекте Қазақстан кеңес қызметіне жаңа серпін беру үшін және ұйымға айналдыру үшін қайтадан төраға мәртебесін алады. Менің болжауымша, бұл жақын арада қолға алынады. Израиль мен Иран бір үстелде отыратын, сенім шараларын талқылайтын мұндай форум әлемде жоқ. Бұл өте маңызды. 16 мемлекеттің ешқайсысы кеңестен шығып кеткен жоқ және түрлі бағытта жұмысты жалғастырып келеді», - деді Қ. Әбусейітов.

Айта кетейік, АӨСШК – 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған халықаралық форум. Оның қызметі Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта АӨСШК құрамында Азияның 27 мемлекеті бар. 8 ел мен 5 халықаралық ұйым форум бақылаушылары ретінде тіркелген. 2014 жылдан бастап, форумның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. 2018-2020 жылдары Тәжікстан кеңес төрағасы болады.


Жоғары қарай