Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қыркүйек айынан 250 оқушыда коронавирус анықталды

2020 жылдың 21 қазан 2020 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы басталғалы 250 баладан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 250 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалардың арасында - 105 жағдай. Байланыста болған 1 426 адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді. 345 байланыста болған адамның арасында 22 оң жағдай анықталып отыр», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Жоғары қарай