Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстандағы парламент сайлауына 21 партия қатысып жатыр

2021 жылдың 27 қараша 2021 12:39

БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Қырғызстанда Жогокру Кенешке депутаттарды сайлау алдында тыныштық күні басталды. Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты бүгін таңертең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Бұл күні саяси партиялар үгіт-насихат науқанын жүргізе алмайды.

Жогорку Кенешке депутаттар сайлау 2021 жылдың 28 қарашасында өтеді. 2021 жылдың 11 сәуірінде референдумда қабылданған Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Жогорку Кенештің жаңа құрамы 90 депутаттан құралады және 5 жылға сайланады.
Барлығы 2494 сайлау учаскесі ашық, соның ішінде 59-ы шетелде және 2435-і мемлекет аумағында.
Сайлауға барлығы 21 партия қатысып жатыр:
1. «Ата-Мекен» СП
2. «Бутун Кыргызстан» СП
3. «Альянс» СП
4. «Легалайз» СП
5. «Ыйман Нуру» СП
6. «Кучтуу регион» СП
7. «Багыт» Қырғызстанның либерал-демократиялық партиясы» СП
8. «Ынтымак» СП
9. «Ишеним» СП
10. «Азаттык» СП
11. «Мекенчил Эл» СП
12. «Қырғызстан Жасыл партиясы» СП
13. «Жашасын Кыргызстан» СП
14. «Социал-демократтар» СП
15. «Аруузат» СП
16. «Қырғызстан бірлігі патриоттың партиясы» СП
17. «Улуттар Биримдиги» СП
18. «Эл Умуту» СП
19. «Ордо» СП
20. «Улуу-Журт» СП
21. «Ата-Журт Кыргызстан» СП


Жоғары қарай