Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қырғызстанда парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

2020 жылдың 3 шілде 2020 10:14

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков «Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қырғыз Республикасы Конституциясының 64-бабы 1-бөлігінің 1-тармағын және «Қырғыз Республикасының Президентін және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» Қырғыз Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің жаңа шақырылымы депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 4 қазан, жексенбіге, тағайындалсын» делінген жарлықта.

Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау өткізуді ұйымдастырады.

Қырғыз Республикасының Үкіметі Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық Комиссиясы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес сайлау өткізу үшін қажетті қаржы қаражатын бөледі. Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы сайлауды әзірлеу мен өткізу кезінде Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті мемлекеттік әкімдер, Бішкек және Ош қалаларының мэрлеріне, жергілікті өзін-өзі басқару атқарушы органдарының басшылары тиісті органдар мен сайлау комиссияларының сайлаушылар тізімін қалыптастыру, нақтылау, сайлауды әзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдастыру-техникалық мәселелерді шешу жөніндегі жұмысына жәрдем көрсетеді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Басты сөздер: Сайлау, Қырғызстан,
Жоғары қарай