Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғызстанда министрдің кеңесшісі пара алды деген күдікпен ұсталды

2022 жылдың 17 мамыр 2022 19:01

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті елдің денсаулық сақтау министрінің кеңесшісін бопсалап пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлағандай, биғы жылдың 17 мамырында Бішкек қаласының аумағында жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау министрі А. Бейшеналиевтің кеңесшісі, 03.07.1993 жылы туған Тілекова Мээрім Тілекқызының нақты қайда екені анықталған.

Ол Қырғыз Республикасының ҚК 343-бабында көзделген (бопсалап пара алу) қылмыс белгілері бойынша тергеуге дейінгі тексеру материалдары аясында одан әрі тергеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін ұсталып, Қаракөл қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.


Жоғары қарай