Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстанда Конституция бойынша референдумның қорытындысы жарияланды

2021 жылдың 30 сәуір 2021 20:30

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы биылғы 11 сәуірде өткен Конституция бойынша референдумның ресми қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің хабарлауынша, референдумға 1 млн 322 мың 124 азамат қатысты, 36,66%-ды құрады. Жаңа Конституцияға 79,3% «келісті», 13,72% «қарсы» дауыс берді.

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум президенттік басқару нысанын бекітуді көздейді.

Қырғызстан президенті бұған дейін 1 шілдеден бастап Қырғызстан жаңа Конституция мен жаңа заңдар бойынша өмір сүретінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ заңдардың екі ай ішінде қабылданатынын айтты. Қырғызстан Конституциясының жаңа жобасында президенттік өкілеттікті күшейту көзделеді.

Сарапшылар атап өткендей, ел Президенті бірқатар маңызды заңдарға бастамашы болады. Жобаға сәйкес Президенттік құрылымды анықтауға, сондай-ақ Министрлер кабинетінің құрамын тағайындауға құқығы болады.

Өз кезегінде Министрлер кабинеті президент алдында жауапты болады. Сондай-ақ Қырғызстан сарапшыларының айтуынша, енді Мемлекет басшысы өз шешімдері үшін жауапты болады. Бұдан бөлек, енді жаңа түзетулер бойынша президенттің жауапкершілігі белгіленіп қана қоймай, депутаттар санын азайту жөніндегі нормалар енгізіледі. Өзгерістер елдің сот билігіне де қатысты болады.

Ақпан айында С.Жапаров «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. 2021 жылғы 12 наурызда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заңға қол қойды.

Айта кету керек, қолданыстағы Конституцияға сәйкес ел азаматтары президентін 6 жылға сайлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Қырғызстанда сағат 20:00-де жергілікті кеңестерге сайлау және жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтті.


Басты сөздер: Әлем, Қырғызстан,
Жоғары қарай