Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қырғызстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 44 адам тіркелді

2020 жылдың 25 наурыз 2020 16:51

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғызстанда 25 наурыз 14:00-дегі жағдай бойынша 44 адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы үкімет үйіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Бірі – 1960 жылғы ер адам, Бішкек қаласында. Ол Испаниядан келген адамнан жұқтырып алған. Екінші жағдай – 1985 жылғы ер адам. Шу облысы Мәскеу ауданының тұрғыны, ол 20 наурызда Дубайдан келген. Сондай-ақ, ол Испаниядан келген адамның қайта ұшып кеткенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта елде 44 адам коронавирусқа шалдықты, соның ішінде: Ош облысында - 22 жағдай, Джалал-Абад облысында – 19, Бішкекте – 3, Шу облысында – 1, Баткен облысында – 1. Барлығы - 44 жағдай», - деп хабарлады А. Акматова.


Басты сөздер: Әлем, Қырғызстан, Коронавирус,
Жоғары қарай