Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қырғызстанда бір тәулікте 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 1 тамыз 2020 18:27

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда өткен тәулікте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 494 жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Акматова айтуынша, анықталған жаңа жағдайлардың 142-сі – COVID -19 вирусының зертханалық расталған жағдайлары, 352-сі – аталған індеттің клиникалық расталған жағдайлары немесе ауруханадан тыс пневмония.

Елде пандемия басталғалы COVID-19 індетін жұқтырған 36 299 жағдай тіркелген. Олардың 16 585-і – COVID -19 вирусының зертханалық расталған жағдайлары, 19 714-і – аталған індеттің клиникалық расталған жағдайлары немесе ауруханадан тыс пневмония.


Басты сөздер: Коронавирус, Қырғызстан,
Жоғары қарай